Әдістемелік нұсқауда, студенттерге сандармен таңбаланған әдістің практика жүзінде өте тиімді екені көрсетілген. Бұны игерген білім алушы аспапты оңай мегере алатыны анықталған және жеңілдетілген әдістер жинақталған. Бұл көмекші құрал музыка мамандары мен арнайы музыкалық білімі жоқ студенттерге арналған. Аталған оқу-әдістемелік құрал сандық таңбалау әдістемесін негізге ала отырып әзірленген. Осы оқыту әдісінің ерекшелігі - жиырма төрт тональдіктің біреуін ғана біліп және қолдана отырып, кез келген шығарманы немесе әнді кез келген дауыс тональдігіне сәйкестендіріп ойнап үйретуге болатындығында. Есту арқылы үйрету әдісі қарапайым таныс өлең сөзіне қарап отырып, сандармен таңбаланған аккордтармен сүйемелдеп орындауды үйрету. Сандық таңбалар әрбір сөздің астына жазылады. Жүйелі жаттығу барысында қателер біртіндеп азайып, аккордтарды тиісті жерінде ала білу машығы, яғни, есту-моторлық қабілет қалыптасады.
ThriftBooks sells millions of used books at the lowest everyday prices. We personally assess every book's quality and offer rare, out-of-print treasures. We deliver the joy of reading in recyclable packaging with free standard shipping on US orders over $20. ThriftBooks.com. Read more. Spend less.